Белгілі тиктокер Арай Бержанова әлеуметтік желіде хиджабтағы қыздарға қатысты пікір білдіріп, жұртшылыққа ескерту жасап, эмоциясын жасырмады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы .
Ашулы мәлімдемесінде ол орамалдағы қыздарға тиісудің орынсыз екенін айтып, қарсы әрекет етуге дайын екенін жеткізді.
«Біз орамалдамыз. Қолдан келгенше, орамалдың абыройын ойлап, сабырлы болуға тырысамыз. Бірақ орамалда екен деп бізді басына бермеңдер! Сіңліме де тиіседі екен. Маған айтшы оларды, ұйықтатып жіберемін! Орамалда болсақ и чооо? Кислородтарыңды жауып тастаймын, басты кетіре бермеңдер! Орамалда емессің бе, ұялмайсың ба деп… орамалдағы қыздарды басына бермеңдер, нервке тиіп! Сондай қыздарды көрсем бар ғой, Батыстың режимін подключать етіп жіберем! Нервыға тие бермеңдер, айырып жіберем», – деді блогер өз жазбасында.
Арай Бержанованың бұл мәлімдемесі әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Кейбір қолданушылар оның эмоциясын түсіністікпен қабылдаса, енді біреулері қатты сөйлеуін орынсыз деп бағалауда.
Қоғамда хиджаб және діни сенім бостандығы тақырыбы жиі талқыланатынын ескерсек, бұл мәлімдеме де белгілі бір пікірталас тудырғаны анық.
@aray_berzhanova ♬ оригинальный звук — Berzhanova