Current Date: 31-03-2025

Мьянмада жер сілкінісінен кейін ұзындығы бір шақырымнан асатын көпір опырылды (фото, видео)

Мьянмада бүгін болған жойқын жер сілкінісінің салдарынан ұзындығы бір шақырымнан асатын көпір опырылды.

РИА Новости агенттігінің жазуынша, опырылған көпір Мьянманың солтүстік-батысындағы Сагайн қаласында орналасқан. Көпір ірі қалалар Сагайн мен Мандалайды байланыстырады.

ТАСС-тың мәліметінше, көпірдің ұзындығы бір шақырымнан асады.