Current Date: 14-03-2025

Алматы облысындағы су басқан жол тазартылды

Бүгін сағат 11: 00-де Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылы маңында сүзгі алқаптарының қорғаныс бөгеті бұзылған еді, деп жазады Egemen.kz.

Салдарынан «Ұзынағаш ауылына кіреберіс» жолының 3-шақырымын су басып қалған. «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ тасқын судың ені 100 метр, биіктігі 5 см-ге жеткенін хабарлады.

Төтенше жағдайдан соң суды бұру үшін жедел арық жүйесі жасалып, ағын өзенге бағытталып, жол жиегін нығайту және жолды тазарту жұмыстары жүргізілген.

Осы істі атқаруға 10 адам және 5 техника жұмылдырылған.

«ҚазАвтоЖол» сағат 13:30-да судың тасуы тоқтатылып, қозғалыс толық қалпына келтірілгенін мәлімдеді. Жол бұзылмаған. Ондағы қауіпсіздік компания тарапынан бақылауға алынған.