Current Date: 31-03-2025

Мьянмадағы жер сілкінісі: көмек сұрап жүгінген қазақстандықтар тіркелмеді

Мьянма мен Таиландтағы дүмпуден соң көмек сұрап жүгінген қазақстандықтар тіркелмеген. Бұл туралы «Туристік Қамқор» қорының басшысы хабарлады.

Инна Рей ақпарынша, бүгінде 4,5 мыңға жуық отандасымыз демалушылар қатарында. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті шаралар қолға алынған. «Оңтүстік-Шығыс Азия курорттарындағы жағдай тұрақты», – деді туроператорлар.

Инна Рей, «Туристік Қамқорлық» корпоративтік қорының төрағасы:

- Зілзаладан кейін бізге хабарласып, көмек сұрағандар болмады. Аралдар мен жағалауларда жағдай тыныш сияқты. Ал жақын арада сапарға шығуды жоспарлап қойған демалушылар жағдайды жіті бақылауы керек. Алдын ала ешқандай ақпарат айта алмаймыз.