Current Date: 01-04-2025

"Денис Теннен кейін алғаш рет": Михаил Шайдоров әлем чемпионатында күміс медаль алды

Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан АҚШ-тың Бостон қаласында өткен әлем чемпионатында күміс медаль алып, 2026 жылғы Олимпиадаға қатысу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қысқа бағдарламада Шайдоров үшінші орында болған, алайда еркін бағдарламада 192,70 ұпай жинап (жеке рекорд), жалпы есепте 287,47 ұпаймен екінші орынға көтерілді.

Алтын медальді америкалық Илья Малинин (318,56 ұпай) жеңіп алды, ал жапон спортшысы Юма Кагияма (278,19 ұпай) үздік үштікке енді.