Current Date: 01-04-2025

Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған телефон арқылы сөйлесті. Қазақстан мен Түркия президенттері бір-бірін Ораза айт мерекесімен құттықтап, екі ел халқына бақ-береке тіледі , деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі дамытуға қос тарап әрдайым дайын екенін жеткізді.

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты ілгерілетуге ықпал ететін жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалогты қолдаудың өзектілігі айтылды.

Бұдан бөлек президенттер көпжақты форматтағы тығыз ықпалдастықты жалғастырудың маңызды екеніне тоқталып, халықаралық ұйымдар аясындағы алдағы кездесулердің кестесін талқылады.