Current Date: 01-04-2025

Кореяда орманды қасақана өртеген күдікті ұсталды

Оңтүстік Кореяның оңтүстік-шығысындағы орманда қасақана от тұтатқан күдікті ұсталды.

Ол 56 жастағы ер адам болып шықты.

Жергілікті "Хангьорэ" ((Hankyoreh)) басылымы "Күдікті әулет қорымында алау жағам деп кейін екпінді желдің кесірінен қызыл жалынға ие бола алмай қалды" деп жазды. Бірақ ер адам кінәсін мойындамай отыр. 23 наурызда басталған өрт салдарынан 30 адам қаза тапты. Тілсіз жау 48 мың гектар жасыл желекті, оның ішінде 4 мыңға жуық үй мен 23 мәдени мұра нысанын жалмап үлгірген. Бұл ел астанасы Сеулдің аумағымен бірдей.