Current Date: 01-04-2025

”Балам ешкімнің ала жібін аттамайды” - Мейіржан Төребаевтың анасы ұлы туралы

Белгілі вайнер Мейіржан Төребаевтың анасы Ләйлә Сұлтанқызына сұхбат беріп, ұлы туралы айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

”Мейіржанның шыққанын күні, түні тілеймін. Отбасыма қайтып оралса екен деп тілеймін. Баламды жақсы білемін. Балам ешкімнің ала жібін аттамайды, ешкім туралы жамандық ойламайды. Біреуді сөз еткенін, жамандағанын қаламайды. Мейіржанымның, Данамның сөзін тыңдаймын. Осылардың аман болғанын тілеймін”, — деді.

Сұхбат барысында сәлем салуды білмейтін Дана Есеева қалай келін болғанын айтып берді.

”Қонақ келген сайын сәлем салып жүресің. Әлі күнге дейін “орамал тағасың ба?” деп сұрақ қояды. Мен одан проблема көріп тұрған жоқпын, ол проблема емес. Айына бір рет келетін қонаққа келін киімімді киіп, сәлем саламын. Мен қайта бата аламын”, — деп сұхбат берді Дана Есеева.