Current Date: 01-04-2025

Жетісу облысында жасөспірімді бетон қабырға басып қалды

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Жетісу облысының Сарыөзек ауылында достарымен қараусыз жатқан ғимаратта жүрген 15 жастағы баланы бетон қабырға басып қалды. Өздігінен шыға алмаған соң, төтенше жағдай қызметкерлері көмекке келіп, зембіл мен саты арқылы оны жерге түсіріп алып, медицина қызметкерлеріне тапсырды.

Дәрігерлердің айтуынша қазір баланың жағдайы тұрақты, кеуде тұсында бірнеше қабырғасы сынған. Қажетті ем-дом жүргізіліп жатыр.

Қуаныш Қанатұлы