Елде су тасқынының алдын-алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері аулаларды қардан тазалау, өзен арналарын бекіту және мұз жару жұмыстарын бастап кетті. Осы ретте, мамандар тұрғындарға тиісті талаптарды мықтап ұстану керектігін ескертеді. Егер азаматтар төтенше жағдай кезінде дүние-мүлкінен айырылатын болса, оларға өтемақы төлене ме? Мұны «Білген абзал».