Павлодар облысының ауылдарында медициналық нысандарды салуға 228 миллион теңге бөлінді.
Үкімет бұл қаржыны елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен бағыттап отыр. Мәселен Ертіс ауданында дәрігерлік амбулатория ашылып, ол мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Ал Екібастұз ауданы Бәйет ауылындағы фельдшерлі-акушерлік пунктің орнына жаңа нысан салынады. Бұдан бөлек осындай әлеуметтік жобалар Мыңкөл, Ивановка және Құркөл секілді тағы бірқатар ауылдарда жүзеге асады. Осылайша жаңа денсаулық сақтау нысандары, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік бермек.