Өңірлерде мұз қабатын әлсіретуге, өзендердің жағалауын нығайтуға, қарды шығаруға, су соруға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Құтқарушылар тәулік бойы жағдайға мониторинг жүргізеді, су деңгейін бақылайды және ықтимал қауіптерге жедел әрекет етеді, деп жазады Egemen.kz.
Солтүстік Қазақстан облысында Қызылжар ауданының Бескөл және жағалау екі елді мекенінде ТЖМ 52859 және 28237 әскери бөлімдерінің күшімен полипропилен шатырларын төсеу, сондай-ақ қапшықтарды дайындау және төсеу жұмыстары жүргізілді.
Атырау облысығы Құлсары қаласында ТЖМ 20982 әскери бөлімінің күштерімен 700 м ұзындықта бөгенді нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді, инертті материалдар мен шифер төселді. «Атырау-Құлсары-Миялы-Атырау» бағыты бойынша Кем өзенінде әуе-барлау жұмыстары жүргізілді. Жылыой және Қызылқоға аудандарында Жем, Ойыл, Ноғайты өзендерінің бойында қап төсеу, бөгендерді инертті материалдармен нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы Зубовск кентінде ТЖМ 68303 әскери бөлімінің күшімен қардан тазарту жұмыстары жүргізіліп, 15 су өткізу құрылысы, 1 көпір, 52 метр арық жүйесі тазартылды.
Ақмола облысындағы Есіл өзенінде Державинск қаласының автомобиль көпірінің жанында мұз кептелістерін жою мақсатында жарылыс жұмыстары жүргізілді. Целиноград ауданының Қоянды ауылын қорғау үшін Жамбыл құтқарушылары жұмылдырылып, 25 мың текше метр су сорылып, 150 қап дайындап, төселді. Ұзындығы 50 метр болатын жер үйіндісі инертті материалдармен бекітілді.
Батыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынының алдын алу аясында қар шығару, су айдау, каналдарды, жыраларды тазарту-бұрғылау, мұз кесу, жарылыс, қаптарды толтыру-төсеу жұмыстары жүргізілді.
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданына ТЖМ 20982 және 28237 әскери бөлімдерінің қосымша күштері мен арнайы техникасы жіберілді. Әскери қызметшілер өзен арналары мен су өткізу құрылыстарын бекіту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Темір ауданының Шұбарқұдық ауылының депосынан тыс ауданда еріген қар суын тиімді бұру үшін каналдың құрылысы толығымен аяқталды.
Абай облысы ТЖД қызметкерлері Үржар ауданының Үржар ауылында және басқа да елді мекендеріндегі тұрғын үйлердің су басуының алдын алу шаралары аясында су бұру жүйелерін нығайту-тазарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.
Қостанай облысында құтқарушылар Қарасу ауданының Қарамырза ауылында олар аула аумақтарын қардан тазартып, су бұру құбырын төсеп, жергілікті тұрғындарға көмек көрсетті. ТЖД қызметкерлері мен ТЖМ 52859 әскери бөлімі екінші құтқару батальонының әскери қызметшілері Амангелді ауылындағы мотопомпалар мен өрт-сорғы станциясын пайдалана отырып, еріген суды сору жұмыстарын жүргізіп жатыр.
ТЖМ мәліметінше су тасқынына қарсы жұмыстарға 2 мың маман, сондай-ақ су тасқыны қаупі жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін пайдаланылатын 483 бірлік техника, 168 мотопомпа, 19 жүзу құралы қатысады. Жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, ҰҰ, Қорғанысмині және басқа да ведомстволардың қызметкерлері жұмылдырылған.
Биыл 1 наурыздан бастап ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар күштерімен 2,2 миллион текше метрден астам су сорылып, 486 мыңнан астам қапшық және 42 мың тонна инертті материал төселіп, 822 мыңнан астам метр су бұру арықтары тазартылған.