Батыс Қазақстан облысында «ЭкоЖайық» экологиялық клубы құрылды , деп хабарлайды 24kz.
Оның мүшелері тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау жобасын қолға алды. Бұл бастама табиғи ресурстарды үнемдеуге және өңірдегі экологиялық тазалықты сақтауға ықпал етеді. Студенттер «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жеткіншектермен кездесіп, қоршаған ортаны қорғаудың маңызы жөнінде әңгімелесті. Сонымен қатар олар қалдықтарды қайта өңдеу және пайдалы іске жарату тәжірибелерімен бөлісті. Мысалы, жеміс-жидек қабығын кептіріп, тыңайтқыш жасауға болады, ал бір реттік гигиеналық заттарды сәндік бұйымдарға айналдыру мүмкіндігі бар. Бұл тәсілдер экологиялық ахуалды жақсартуға және қалдықтарды тиімді пайдалануға септігін тигізеді.
Айнұр Әжігереева, студент:
- Біз осыларды қоқысқа тастамас үшін өнімді дұрыс пайдалану үшін қабықтарды пеште, не күнде кептіріп, ұнтақтап, осы өсімдіктерге тыңайтқыш ретінде саламыз. Апельсин құрамында калий, кальций, азот, фосфор, антиоксиданттар, эфир майлары бар. Осы арқылы топырақтың құнарлылығын арттырып, өсімдіктің тез өсуіне әсер етеді.