Канаданың Саскачеван провинциясында орман өртеніп жатыр.
Оттың күшейгені сонша аймақта төтенше жағдай жарияланды. Өрт 400 гектар аумақты шарпып үлгірген. 40-тан астам ғимаратты күлге айналдырды. Қауіпті аймақтан 10 мың адам көшірілген.
Мамандар бұл жолғы өртті кейінгі 10 жылдағы ең қатерлі табиғи апат деп бағалады. Осы айда от 200 мыңнан астам гектар жасыл желекті жойған. Бұл әдеттегі көрсеткіштен 3 есе жоғары. Елдің Британдық Колумбия, Альберт және Онтарио провинцияларында да жағдай қиын. Естеріңізге сала кетейік, былтыр Канадада алапат өрт 4 миллион гектар орманды жойып жіберген еді.