Current Date: 16-06-2025

1 шілдеден елімізде бастап кәсіби қабылдаушы отбасы институты енгізіледі

Елде 1 шілдеден бастап отбасылық құрылымның жаңа нысаны – кәсіби қабылдаушы отбасы институты енгізіледі.

Бұл туралы Оқу ағарту министрлігі мәлімдеді. Қазір елде 7 млн-ға жуық бала бар. Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндердің 82%-і қазақстандық отбасыларда тәрбиеленіп жатыр. Былтыр 3 мыңнан астам бала жаңа отбасын тапқан. Құқықтық базаны нығайту бойынша балаларға арналған үш негізгі заң қабылданды. Қараусыз қалған кішкентай азаматтарды қоғамға бейімдеу үшін тәлімгерлер институты құрылды.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 460 мың орындық 217 мектеп салынып жатыр.6 жасқа дейінгі балалардың 93%-тен астамы мектепке дейінгі біліммен қамтылған. Биыл бұл көрсеткіш 95%-ке дейін артады.