Current Date: 09-06-2025

Қазақстан құрамасы WTT Youth Contender турнирінде жеті жүлде жеңіп алды

Ташкентте (Өзбекстан) үстел теннисінен WTT Youth Contender Tashkent 2025 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл жарыста Қазақстан құрамасы жеті жүлдеге ие болды.

Бірінші орынды Алан Құрманғалиев (19 жасқа дейін), Абдулла Мамай мен Ноила Ханиязова (аралас жұптар, 19 жасқа дейін), сондай-ақ, Аделя Алжанова (11 жасқа дейін) жеңіп алды.

Күміс жүлдені Назерке Болатбек (11 жасқа дейін) иеленді.

Дарья Гамова (19 жасқа дейін), Алексей Маркин (15 жасқа дейін) және Жәния Бекмұхамбетова (13 жасқа дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget