Current Date: 09-06-2025

Рыбакина “Ролан Гарростың“ ширек финалына өте алмады

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Парижде (Франция) өтіп жатқан әлемдегі ең ірі турнирлердің бірі "Ролан Гаррос" жарысының ширек финалына шыға алмады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Отандасымыз 1/8 финалда Польшаның өкілі, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Ига Швёнтекпен кездесті.

Франция ашық чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы бұл кездесуде 1:6, 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакинаның рейтингтегі орны өзгерді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget