Түркиядағы жер сілкінісінен ғимараттар аман. Бірақ 14 жастағы қыз бала қаза тауып, 69 адам зардап шеккен. Олар биіктен секірген дейді жергілікті ішкі істер министрлігі өкілдері. Қазір 46-сы ауруханада жатыр. Бүгін Түркияның Жерорта теңізі жағалауындағы Мармарис ауданында 5,8 баллдық жер сілкінісі болды. Оны Анталия, Измир, Айдын, Денизли, Маниса, Мұғла және Грекияның Родос аралының тұрғындары да сезінген.
Арыстан Рысбек