Current Date: 09-06-2025

Астанада тұрғын үй кешенінен өрт шықты

Астанада тұрғын үй кешенінен өрт шықты. Төтенше жағдайлар қызметіне түнгі сағат 00:30 шамасында Сығанақ көшесінің бойында орналасқан көпқабатты үйдің сыртқы қаптамасының жануы туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына дереу әкімдік қызметкерлері, полиция және құтқару қызметі жетіп, жедел штаб құрды. Өрт жылдам сөндірілді. Адамдар аман. Зақымданған қасбет пен басқа да шығындарды қалпына келтіру жұмыстарын әкімдік шұғыл түрде бастайтындарын хабарлады.