Current Date: 09-06-2025

Алдағы күндері жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Қазгидромет 5, 6, 7 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы күндері солтүстік-батыстан циклон ығысып, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Синоптиктердің айтуынша, елдің батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады, кейбір өңірлерде бұршақ та жауады.

"Республиканың солтүстік жартысында күндіз ауа температурасы 20-28 градус жылы болса, оңтүстік жартысында ауа температурасы біртіндеп төмендейді, ал 7 маусымда түстен кейін термометр бағандары 27-35 градусты көрсетеді", — деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget