Мәжіліс отырысында депутат Ринат Зайыт өз сауалын қазақ тілінде қойғанымен, шенеуніктің қазақша түсінбеуіне байланысты орыс тіліне көшуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы .
Ол денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ержан Нұрлыбаевтан нақты жауап ала алмаған соң, сұрағын қайтадан орысша қойды.
Бұл сәтке куә болған Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов: «Орысша сайрайды екенсіз ғой, Ринат Рифхатұлы», – деп әзілдеп, залдағылардың күлкісін тудырды