0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Ақмола облысының Державинск қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында көше мен жол бойы қарды жинап алып жатыр. Жергілікті атқарушы орган өкілдері мен тұрғындар белсенді қатысуда. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында игі іске кәсіпорындардың техникасы да жұмылдырылған. Сөйтіп қыс басталғалы қаладан 14 300 текше метр қар шығарылды.
Заур Смағұлов, Державинск қаласының әкімі:
Бүгін акция аясында қала көшелерінен 1 мың текше метр қар шығарылды. Акцияға бірқатар жеке кәсіпкерлер мен қала тұрғындары қатысты. Ал өзге күндері еріктілер қаладағы жалғызілікті адамдар мен қарттардың ауласындағы қарды жинап жатыр. Осылайша акция халықтың ауызбірлігін нығайтып, ізгілікті дәріптеуге үндейді.
Қарағандыда «Таза бейсенбі» акциясы жалғасуда
Қарағанды қаласында «Таза бейсенбі» акциясы жалғасуда. «Amanat» партиясының бастамасымен тұрақты өтіп келе жатқан шарада еріктілер қар күреп, тұрғындарға көмектесті. Бүгінде «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері мен «Шұбаркөл» компаниясының қызметкерлері ардагер ақсақалдың ауласын қардан тазартты.
Қадіргелді Нүрпейісов, «Шұбаркөл көмір» АҚ жастар лигасының басшысы:
Соғасына қатысқан жандардың қатары азайып бара жатыр. Олардың біздің болашаққа қосқан үлесіне біз алғыс ретінде қолдан келгенше көмектесіп жатырмыз. Әлеует пайдаланатын жерді қоқыстан тазарту өзіміздің болашағымызға үлкен септігін тигізді.
Жандос Бақытұлы