Экономиканың қозғаушы күші адами капитал екені белгілі. Әсіресе жастардың әлеуетін толық пайдаланған елдердің тасы өрге домалап тұр. Тіпті «ақыл-ойды» импорттап, оны өз пайдасына жаратуды мемлекеттік мүддеге айналдырған елдер көп. Біз де, дарынды, талапты, көкірегі ояу жастарымыздың елде қалуына әрекет етіп келеміз. Бірақ бәрібір қазақ жастары шетелге кетуге құмартып тұрады. Неге? Жалпы бұл біз қорқатындай тенденция ма? Шетелде бар білімді, елден табу мүмкін бе? Бүгін осы сауалдардың жауабын табуға тырысамыз.