Ғылым және жоғары білім министрлігі еліміздегі жоғары оқу орындарына түсу үшін құжаттар қабылдау, білім беру гранттары конкурсына қатысу қашан басталатынын, сондай-ақ арнайы, шығармашылық емтихандардың өтетін уақытын жариялады. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Құрметті талапкерлер, сіздердің назарларыңызға талапкерге арналған күнтізбені ұсынамыз! 2025-2026 оқу жылына қабылдану үшін маңызды күндерді өткізіп алмаңыз!" — делінген хабарламада.
- Негізгі ҰБТ 16 мамыр-7 шілде аралығында өтеді;
- ЖОО-ға құжаттарды қабылдау 20 маусым-25 тамыз;
- "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау" мамандықтарына түсушілер үшін арнайы емтихандар 20 маусым-20 тамыз аралығында (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін өткізіледі);
- Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштер 20 маусым-10 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 7 шілдеге дейін) аралығында қабылданады;
- Шығармашылық емтихандар 7 шілде-15 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін) аралығында өтеді;
- Білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 13 шілде-20 шілде аралығында қабылданады;
- Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.