Current Date: 09-06-2025

Автобус апатынан екі аяғынан айырылған қыз баланың отбасына баспана беріледі

Астанада автобус апатынан екі аяғынан айырылған жасөспірімнің отбасына әкімдік тарапынан баспана беріледі. Бұл туралы бүгін қала әкімі Жеңіс Қасымбек айтты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2 маусымда Астанада автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бағанға соғылды. 15 адам зардап шекті. Олардың үшеуі ауруханаға жатқызылды. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Азамат Бейбітұлы