Current Date: 11-06-2025

Президент Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Кездесуде одақтың қазіргі қызметі мен даму перспективасы талқыланды. Мемлекет басшысына IV Еуразиялық экономикалық форумға және 26-27 маусым күндері Минскте өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына дайындық барысы туралы баяндады.

Ақниет Балтанова