Current Date: 12-06-2025

Антарктидада пингвин азайды

Антарктиданы мекендейтін «патша пингвиндер» саны 22 пайызға азайды.

Бұған жаһандық климаттың жылынуы себеп болып отыр. Ғалымдар оңтүстік жарты шарда тіршілік ететін жануарларды жерсерік арқылы бақылаған.

Олардың айтуынша, күн райының өзгеруінен Антарктидада мұз тез жұқарып барады. Мұның салдары қанаты қатпаған балапандардың суға құлап, қырылуына әкелді. Ғалымдар мәселені шешу үшін ауаға бөлінетін зиянды газдардың мөлшерін азайту қажеттігін тағы ескертіп жатыр.