Ел Президентінің көмекшісі әрі Халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зульфия Сүлейменова Брюссельге сапары аясында бірқатар лауазымды тұлғалармен кездесті.
Еуропалық Комиссияның Энергетика бойынша бас директоры Йоргенсенмен, ЕуроОдақтың климат және қоршаған орта жөніндегі арнайы өкілі Аготамен өзара әңгімелесуде Зүлфия Сүлейменова Қазақстанның энергия тиімділігін арттыру және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі көзқарасын таныстырды.
ЕуроОдақ Қазақстанмен метан шығындыларын реттеу бойынша ынтымақты арттыруға ниетті және нақты нәтижеге қол жеткізу үшін техникалық кездесулер өткізуге дайын.
Сондай ақ, арнаулы өкіл Бельгиялық TUV (ТЮВ) компаниясының жұмысымен танысты. 1872 жылы Австрияда құрылған халықаралық тәуелсіз ұйым тауарлар мен өнімдерге сапа сертификатын беру, техникалық бақылау жүргізу, экологиялық стандарттарды сақтау бойынша әлемде көшбасшы. Компания басшылығы Қазақстандағы мұнай-газ саласында өндіріс процесін оңтайландыру, көмірқышқыл газын ауадан тұту, оның мөлшерін есептеу бойынша көмек көрсетуге ынталы.
Н.Қасым