АҚШ Таяу Шығыстағы әскерін күшейтіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Құрама штаттары аймаққа жойғыш ұшақтардың бірнеше тобын аттандырды. Military Watch Magazine басылымының дерегі бойынша радарда көрінбейтін F-35 жойғыш ұшақтары Еуропада аздап аялдағаннан кейін Таяу Шығысқа бет алды. Сондай-ақ Кәрі құрлық жеріне әскери техника тасымалдауға арналған Globemaster III әскери-көлік ұшақтары табан тіреді. Бұдан бөлек, Құрама штаттары Таяу Шығысқа әскери ұшақтарды ұшыруға арналған «Нимиц» кемесін орналастырған. Сарапшылар: «АҚШ-тың бұл әрекеті осы аймақтағы қарулы қақтығыстың ұзаққа созылуына әкелуі мүмкін», — деп алаңдайды.