Нидерланды мен Бенилюкс елдерінің компаниялар консорциумы жобаны іске асыруға дайын, деп хабарлайды 24kz.
Германия Қазақстанға бизнес миссия ұйымдастыруға ұсыныс білдірді. Олар трансшекаралық өзендерді басқару бойынша тәжірибе алмасып, табиғи апаттардың алдын алу мәселесін талқыламақ. Бұл туралы Еуропалық Одақтың диалогтық платформасының отырысында айтылды.
Еуропалық компания өкілдері: «Су саласында цифрлық жүйені пайдалану өзекті», — деп отыр. Осылайша, шығынды азайтып, суды қайта пайдалануға болады. Сондай-ақ өндірістерді локализациялап, техникалық орталықтар құрып, тазарту құрылыстарын математикалық модельдеу тәжірибесі жайында сөз болды.