Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Пікір

Президент «Дәулет» теннис орталығының жұмысымен танысты

Президент «Дәулет» теннис орталығының жұмысымен танысты

Бүгін мемлекет басшысы Астанадағы бірқатар нысанды аралады. Солардың бірі «Дәулет» теннис орталығы. Кешенде 600 бала, олардың ішінде 85 оқушы бюджет есебінен жаттығады. Сондай-ақ мұнда 57 спорттық-сауықтыру тобы жұмыс істейді. «Дәулет» орталығы – елордадағы балалар ең көп баратын, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар спортшыларды да қамтитын әлеуметтік-спорттық нысандардың бірі. Биыл мамыр айында орталық базасында Азия құрлығында алғаш рет Virtus World Tennis Championship 2025 – ақыл-ой кемістігі бар спортшылар арасында теннистен әлем біріншілігі өтті.

Әліби Сапар, спортшы:

Тенниске 5 жастап бастап қатысамын. Теннис спорты маған қатты ұнайды. Республикалық турнирлердің жеңімпазымын. Теннистен 3-дәрежедегі жасөспірімдер арасындағы разрядым бар. Болашақ мақсатым елімді әлемге таныту.

Оңғар Алпысбайұлы