Current Date: 19-06-2025

16 миллион қазақстандықтың жеке дерегі тарап кеткен: қылмыстық іс қозғалды

16 миллион қазақстандықтың жеке дерегі тарап кетуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ғалымжан Қойгелдиевтің айтуынша, тергеуді ІІМ жүргізеді.

"Қылмыстық іс тіркелді, іс тергеу үшін Ішкі істер министрлігіне жіберілді", — деді ол журналистерге.

Бас прокурордың орынбасары қолданыстағы заңнама аясында қосымша мәліметтерді аша алмайтынын айтты.

Қандай жағдай болды?

Еске салайық, бұған дейін 16 миллионнан аса жазба ашық тарап кеткені, бұл ел халқының басым бөлігін қамтитыны хабарланды.

Тұрғындардың мынадай жеке мәліметтері тарап кеткен: тегі, аты, әкесінің аты, жынысы, туған күні, ЖСН, мекен-жайы, тұрғылықты жері, телефон нөмірлері (ұялы, үй, жұмыс телефондары), азаматтығы, ұлты және тағы басқалары.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәліметінше, азаматтардың жеке деректері тарап кеткені туралы ақпарат тексеріліп жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget