Current Date: 21-06-2025

Ақмола облысында тауда жарақат алған турист құтқарылды

Бүгін Ақмола облысының құтқарушылары Бурабай ауданындағы Көкшетау тауында әйел адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл жолы жарақат алған турист әйелге көмек көрсетілді. Әйел адам алған жарақатына байланысты өздігінен таудан түсе алмаған.

Құтқарушылар оны қауіпсіз түрде төмен түсіріп, жедел медициналық жәрдем қызметіне табыстады.

Осы орайда еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды таулы аймақтарда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға қаперге салып отыр. Сондай-ақ, қиын жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне хабарласу маңызды.