Семейде қоғамдық көлік қозғалысы кезінде автобус жүргізушісіне қол көтерген ер адамға қатысты шешім шықты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Семей қалалық әкімшілік соты ер адамды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Істі қарау барысында оның биыл 10 маусымда дәл осындай әрекет жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
"Сот жаза тағайындау кезінде мұндай әрекеттің қоғамға қаншалық қауіпті екенін, сондай-ақ, ер адам бұл әрекетті қасақана және бір жыл ішінде қайталап жасағанын ескерді. Сот шешімімен айыпталушыға 20 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалды", — деп жазылған хабарламада.
Полиция қызметкерлері оны әкімшілік қамауға алынғандарға арналған қабылдау орнына жеткізді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!