Current Date: 28-06-2025

Францияда 100 мың үй жарықсыз қалды

Франция бір аптаға созылған 30 градустық аптап ыстықтан кейін дауыл соғып, жаңбыр жауды, деп хабарлайды 24kz.

Желдің екпіні сағатына 112 шақырымға жеткен. Дауыл салдарынан 2 адам көз жұмып, тағы 17-сі жараланды. Электр желілері үзіліп, 100 мың үй жарықсыз қалған. Әсіресе, елдің оңтүстігіндегі Майен мен Тарн және Гаронна аймақтарына қиын соқты. Синоптиктер қолайсыз күн райы ертеңге дейін сақталады деп болжаған.