Current Date: 30-06-2025

Қазақ боксшыларының алғашқы қарсыластары анықталды

Бокстан Астанада Әлем кубогі кезеңі бүгін яғни 30 маусымда басталды. Күндізгі сессияның басталуы – сағат 14:00, турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айта кетсек, оған 30 елден 300-ге жуық спортшы қатысады. Бұл Қазақстанда өтетін олимпиадалық бағыттағы WORLD BOXING ұйымының алғашқы ресми турнирі.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше жеребе тарту рәсімі өтіп, Қазақстанның былғары қолғап шеберлерінің алғашқы қарсыластары анықталған.

Ерлер:

50 келіге дейін: Санжар Тәшкенбай – Шодай Кото (Жапония).

55 келіге дейін: Махмұд Сабырхан – Шин Чжэен (Оңтүстік Корея).

60 келіге дейін: Серік Теміржанов – Джейкоб Кассар (Аустралия).

65 келіге дейін: Ертуған Зейнуллинов – Ахмет Пекель (Түркия).

70 келіге дейін: Абылайхан Жүсіпов – Алмаз Орозбеков (Қырғызстан).

75 келіге дейін: Сабыржан Аққалықов – Джошуа Офори (Канада).

80 келіге дейін: Нұрбек Оралбай – Мұрад Аллахвердиев (Әзірбайжан).

85 келіге дейін: Бекзад Нұрдәулетов – Лахлан Лоусон (Аустралия).

90 келіге дейін: Сағындық Тоғамбай – Азиз Аббес Мухийдин (Италия)/Малакай Джорджес (АҚШ) жекпе-жегінің жеңімпазымен.

90 келіден жоғары: Айбек Оралбай – Хосе Агустин Трисет (Доминикан Республикасы).

Бұрымды боксшылар:

48 келіге дейін: Назым Қызайбай – Приянка Диллон (Канада).

51 келіге дейін: Алуа Балқыбекова – Дженифер Лозано (АҚШ).

54 келіге дейін: Әнел Сақыш – Татьяна Обермайер (Германия).

57 келіге дейін: Айдана Забынбекова – Джули Рамадан (Аустралия)/Алиса Мендоса (АҚШ) жекпе-жегінің жеңімпазымен.

60 келіге дейін: Виктория Графеева – Аяка Тагучи (Жапония).

65 келіге дейін: Аида Әбікеева – Дион Бурман (Ұлыбритания).

70 келіге дейін: Наталья Богданова – Чану Тхокчом (Үндістан).

75 келіге дейін: Надежда Рябец – Вивиан Дом Сантос Перейра (Бразилия).

80 келіге дейін: Гүлсая Ержан – Рани Пуйя (Үндістан).

80 келіден жоғары: Елдана Тәліпова – Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан).