АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның рухани көсемі – аятолла Әли Хаменеиге ядролық қару бойынша келіссөз жүргізуді ұсынды, деп хабарлайды 24kz.
Ақ үй басшысы оған 5 наурызда жазбаша хат жіберген. Бұл туралы Fox Business телеарнасы хабарлады. Трамп Тегеран Вашингтонмен тіл табысатын шығар деген сенім білдірген, бірақ тараптар мәмілеге келе алмаса, шара қолданатынын да ескертті. Bloomberg агенттігі «Ресей Иранмен келіссөз жүргізуге көмектесуге дайын екенін жеткізді», - деп жазған. Алайда Иран дипломаттары Трамптан әзірге ешқандай хат-хабар келген жоқ дейді. 2018 жылы АҚШ санкцияларды алу үшін Иранның ядролық бағдарламасын шектеу туралы халықаралық келісім-шарттан шығып кеткен болатын.