Current Date: 04-07-2025

Мүгедектікті белгілеу тәсілдері цифрландырылды

Биыл алғашқы жартыжылдықта мүгедектікті белгілеу бойынша сараптамалардың 40%-ке жуығы сырттай және проактивті форматта жасалды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің комитет төрағасы Төлеген Оспанқұлов баяндады.

Оның айтуынша, ауылдық жерлердегі медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінде кадр тапшылығы байқалады. Бұл өз кезегінде мамандардың жүктемесін ауырлатып, қызмет сапасына кері әсерін тигізетін. «Ал цифрлық жүйе құжат рәсімін оңай, жедел әрі ашық жүргізуге ықпал етті», – дейді сала басшысы. Сонымен қатар бұл жұмыстарға тәуелсіз сарапшылар тартылып жатыр.

Төлеген Оспанқұлов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің комитет төрағасы:

- Ашықтық, кәсібилік, қолжетімділік және сенім. Бұл біздің жүзеге асырып жатқан реформаның негізін құрайтын қағидаттар. Медицина-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылар институтын құру – бұл азаматтардың үмітіне және уақыт талабына сай келетін әділ де заманауи әлеуметтік қолдау жүйесін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.