Current Date: 04-07-2025

«Қобалжып тұрмын»: Әнші Мирас пен Құралай жаңа отбасылық кәсіптерін ашты (ВИДЕО)

Танымал жұлдызды жұп Мирас пен Құралай жаңа отбасылық кәсіптерін ашты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы .

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

Мирастың айтуынша, ол таза күмістен жасалған қазақи әшекей бұйымдарды жасап сатпақ. Шеберханасына арнайы Балқаш зауытынан 999 пробалы күміс алып келіп, құйып жасайды. Әнші қобалжып тұрғанын жасырмады.

Ер азамат болған соң, соңғы кезде темір-терсекке қызығушылығының артқанын да айтты. Ол оқырмандарына бұйымдардың жасалу процесін де көрсетті.

"Алланың қалауымен бір істің тұсауын кесіп жатқан жайымыз бар.Сіздердің қолдауларыңызбен ісіміз алдыға жүрсін. Таза ниетпен таза күмістен қазақи нақыштағы бұйым жасайтын шеберханамыздамыз.Әр кезең қас шебердің қолынан соғылып жасалынады",- деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары әншілерді жаңа бастамасымен құттықтап, сәттілік тіледі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Miras & Kuralay (@miras_kuralay_official)