Current Date: 04-07-2025

Президенттің тапсырмасымен О.Бектенов экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты

Қазақстан Ауғанстан жері арқылы өтетін «Тургунди-Герат» темір жолының құрылысына инвестиция құяды. Жуырда тиісті меморандумға қол қойылады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитінде мәлімдеді. Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы көпір, транс ауған темір жолының құрылысы бүкіл өңірдің дамуына ықпал етеді деді ол. Отырыс барысында Экономикалық Ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер арасындағы осы саланы дамыту мәселелері қаралды. Көлік және логистика, энергетика, климаттық қауіпсіздік, цифрлық трансформация және тағы басқа бағыттарға да назар аударылды. Саммит жұмысы аясында Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтің Ауғанстан Премьер-министрінің орынбасары Абдул Гани Барадармен екіжақты кездесуі өтті.

Оңғар Алпысбайұлы