Current Date: 05-07-2025

Парижде қазақтарға қатысты көне қолжазбалар табылды

Париждегі Францияның Ұлттық кітапханасынан қазақстандық тарихшылар үшін ғылыми маңызы зор қолжазбалар табылды. Бұл туралы шығыстанушы маман, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінің аға оқытушысы Ғалия Камбарбекова айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24KZ-ке сілтеме жасап.

Ғалымның айтуынша, қазақ халқының тарихына қатысты деректерді ол араб, түрік, парсы және шағатай тіліндегі манускриптерден тапқан. Құжаттар арасында тарихи жылнамалар, грамоталар, қазақ хандары жүргізген ресми хат алмасулар бар.

Франция — әлемдегі ең бай қолжазба қорларының бірі. Оған рұқсатпен кіруге болады, бірақ көне мәтіндерді оқу мен аударуда қиындықтар кездеседі. Көптеген қолжазба бұрын-соңды қазақстандық зерттеушілердің назарына ілікпеген. Ғылыми жоба аясында ҚазҰУ филологы бұл жазбалардан Тәуке хан, Тәуекел хан өмірі мен Түркістан тарихына қатысты тың деректерді анықтаған.

"Кейбір еңбектердің ішінде Орталық Азияға қатысты шамамен сипатталған атаулар бар. Солардың ішінде үшеуін таптым, оның бірі — ‘Әлем тарихы’ атты еңбек. Онда мұсылман әлемі ғалымдары Тәуекел ханның Бұхараға жасаған соңғы жорығы туралы жазған. Сонымен қатар, оның інісі сұлтан Есім үлкен шайқас өткізгені баяндалады. Бұдан соң Ташкент пен Түркістандағы тарихи оқиғалар сипатталады. Бұл дерек біздің ғылыми айналымда бұрын болмаған", — дейді Ғалия Камбарбекова.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget