Current Date: 05-07-2025

Қазақстандық танымал футболшы белгілі клубтың тізгінін ұстады

Қайрат Жұмабекұлы Нұрдәулетов «Оқжетпес» футбол клубының бас бапкері атанды , деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қайрат Нұрдәулетов 1982 жылы дүниеге келген. Кәсіби ойыншы ретінде «ЦСКА-Қайрат», «Есіл-Богатырь», «Ертіс», «Қайрат», «Тобыл», «Астана» және «Қайсар» командаларында ойын көрсетті.

Футболшы мансабын аяқтағаннан кейін ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына енді. Кейін Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері қызметін атқарды.

2023 жылы Түркістан облысының «Мақтарал» клубында бас бапкер міндетін атқарып, аталған ұжымның Премьер-лигадағы орнын сақтап қалуға үлесін қосты.

Одан кейін Талдықорғанның «Жетісу» командасының бас бапкері болды. Оның жетекшілігімен команда 11-орынға тұрақтады.