Алматы әуежайында рейсті күтіп отырған бала жарақат алды. Ол ойнап жүріп, әйнек қоршауға соғылып кеткен. Шыны сынықтарының бірі маңдайына тиген, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, баланың жасы шамамен 7 мен 9 аралығында. Оқиға 4 шілдеде Алматы-Шымкент рейсін күту кезінде болған.
Әуежайдың баспасөз қызметі баланың перронға шығатын есікке қарай жүгіріп, әйнек қоршауға байқамай соғылғанын айтты.
"Күзет қызметкерлері дереу әрекет етіп, әуежайдың медициналық қызметі мен жедел жәрдем шақырды. Әуежайдың кезекші медицина қызметкерлері дереу жетіп, жедел жәрдем келгенше алғашқы медициналық көмек көрсетті", – делінген баспасөз хабарламасында.
Баланың қазіргі жағдайы тұрақты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Krispi Almaty | Криспи Алматы (@krisp_almaty)
Әуежай әкімшілігі емделуге кеткен барлық шығынды өтегенін және ата-аналарға күту аймағында балаларға мұқият болу жөнінде өтініш жасағанын мәлімдеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!