АҚШ-тың Техас штатында тасқын салдарынан 51 адам опат болды. Құрбандардың 15-і бала. Тағы 27 адам із-түзсіз кеткен. Бұл туралы Нью-Йорк Таймс басылымы хабарлады.
Олардың айтуынша, қазір аймақта ізім-ғайым кеткендерді іздеу-құтқару жалғасып жатыр. Бұл жұмыстарға 18 тікұшақ пен 400-ден астам құтқарушы жұмылдырылған. Кей округтерде төтенше жағдай режимі жарияланды. Ал зардап шеккендерді жағалау күзеті мен АҚШ ұлттық гвардиясының мамандары қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Басылым келтірген мәліметке қарағанда апат аймағында әлі 500 мыңға жуық тұрғын көмек күтіп отыр.