Current Date: 17-07-2025

Перизат Қайрат сотта өз кінәсін мойындамады

Ақша жымқырды және алаяқтық жасады деп айыпталған қоғам белсендісі Перизат Қайрат сотта өз кінәсін мойындамады, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.

Прокурорлар Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты айыптау актісін оқып шыққаннан кейін, судья Сабыржан Кәрімов айыпталушылардан айыптаумен келісетін-келіспейтінін сұрады.

"Мен айыптау актісімен келіспеймін (...) Дәлелдер негізсіз. Тергеудің фантазиясы үшін жауапкершілікті алмаймын. Мен айыпты мойындамаймын. Кейінірек барлық дерекпен өзімді қорғаймын", – деп жауап берді Перизат Қайрат.

Анасы да айыптаумен келіспейтінін айтты.

Еске салайық, прокурор Мәдина Оразалина Перизат Қайрат әзірлеген қылмыстық жоспар халық арасында танымал болған "Біз біргеміз" ұранын қолдана отырып, қоғамдық бірлестік құрудан басталғанын мәлімдеген болатын.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget