"Э, братан ". Алматы облысы әкімдігі қызметкерінің "Бағанашылдан" балаларды көшіру кезінде айтқан сөзі көпшілікті ашуландырды. Алматы облысының Білім басқармасы өкілі жағдайға пікір білдіріп, қызметкерге қатысты қандай шаралар қабылданғанын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы облысы Білім басқармасы маманы Мадияр Шәріповтің Алматыдан Қонаевқа көшіріліп жатқан балалармен сөйлесіп жатқан сәті видеоға түсіп қалған.
"Э, бауырым... Біз еркекпіз ғой, келісеміз... Э, бауырым, мен сені түсінемін, сен де мені түсін…" — дейді ол балалар үйінің тәрбиеленушілеріне.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Александр Барре — финансовый консультант по кредитам/МФО/долгам (@alexandrbarre)
Басқарма мәліметінше, Мадияр Шәріпов бұл қызметке шамамен бір ай бұрын қабылданған және сынақ мерзімінде жүрген.
"Видеода оның айтқан сөздері мемлекеттік қызметкер этикасына сәйкес келмейді. Осыған байланысты онымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, әрі бұдан былай мұндай әрекеттерге жол беруге болмайтыны туралы ескерту берілді. Болашақта оның кәсіби қызметі мен қарым-қатынасы басқарма басшылығы тарапынан тұрақты бақылауда болады", – деді ведомство өкілі.
Сондай-ақ, басқарма қызметкердің іс-әрекеті үшін кешірім сұрады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз