Current Date: 02-08-2025

Жүк көліктерінің салмағы автоматты түрде өлшенеді

Жүк көліктерінің салмағы автоматты түрде өлшенеді.

Бұл үшін елдегі күрежолдар бойынша автоматты өлшеу станциялары қойылып жатыр. Жаңа тәсіл жол сапасын жан-жақты қадағалауға мүмкіндік береді дейді Көлік министрлігінің мамандары. Қазір елде 450 мыңнан астам жүк көлігі бар. Олардың 60 мыңы Астанада тіркелген. Сондықтан жаңашыл технология алдымен елордада қолға алынды.

Ләззат Стамғазиева, ҚР Көлік министрлігінің ресми өкілі:

- Былтырдың өзінде Астананың ең басты кіреберіс, шығаберіс 7 жолы бар, сонда автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнаттық. Сосын бір жыл өткеннен кейін қарап тұрсақ, хаттама саны 12 есеге артқан. Яғни, бұл дегеніңіз 12 есе біздер факторларды анықтап отырмыз, жүк тасымалдаушылардың жаңағы нормаларды сақтамауын, яғни 25 тоннадан астам жүкті тиеп алуы деген сөз.