Астанада әлемге әйгілі жұлдыз Дженнифер Лопестің концерті басталды,деп хабарлайды 24kz.
Қазақстандықтар мен шетелдік қонақтар асыға күткен шара «Астана Арена» стадионы сахнасында өтіп жатыр.
Кәмшат Мұхамеджан, тілші:
- Әйгілі мегажұлдыздың 7-ге жоспарланған концерт бірер минуттардан соң басталады. «Астана Арена» алаңында қазір келушілерді арнайы орындарға отырғызу аяқталып қалды. Билет алғандар белгіленген жерлеріне асығып, әйгілі әншіні асыға түсіп отыр. Бір байқағанымыз, бүгін бас қалаға арнайы осы шара үшін келгендердің қарасы қалың екен. Тіпті тыңдармандар Джей Лоның образдарын дайындап келгендерді де көзіміз шалып қалды. Жаңа өздерін сұқбатқа тартып көріп едік. Соны бірге тыңдасақ.
Әлемдік мегажұлдыздың Қазақстанға келетіні сонау сәуірде хабарланған болатын. Ал бүгін шараның тиісті деңгейде өтуі үшін қауіпсіздік жұмыстары күшейтілген. Алаңдағы тәртіпті сақшылар қадалап жүр. Концертке 25 мыңнан астам көрермен билет алыпты. Олардың 15 мыңнан астамы шетелден арнайы келіп те үлгерген.