Қайырлы кеш! Иә, Біз қазір Алаштың астанасы болған Семей шаһарындамыз. Бүгіннен бастап Абайдың 180 жылдығына арнайы Ұлттық арнаның көшпелі студиясы киелі мекенде жұмысын бастады . Дәл қазір біз тұрған жер Бейбітшілік аралында ашылған этноауыл. Дәл Бұл аумақта 10-нан астам киіз үй тігіліп, әр үйдің маңында қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын дәріптейтін элементтер бар. Бұл жерде жергілікті өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарламалар мен театрландырылған қойылымдар болады.
Ернұр Медет