Ауаның ластануы жыл сайын Еуропада жүз мыңдаған адамның
өліміне себеп болып, өңір экономикасына 850 миллиард доллар шығын келтіруде. Кәрі құрлық елдерінің билігі мәселені шешу үшін түрлі шараларлы қолға алған. Бірақ әзірге нәтиже шамалы. Енді мамандар ауа сапасына қатысты талаптардың қатаңдатылуы жағдайды өзгертер деген үмітте.
Ауаның ластануы Еуропа үшін өзекті мәселе. Осының салдарынан 2 жыл бұрын құрлықта 350 мың адам көз жұмған. Көлік пен өнеркәсіптен бөлінетін зиянды газдар, көмір жағу және фермерлердің масақ өртеуі экологиялық ахуалды нашарлатып отыр. Әсіресе Орталық және Шығыс Еуропадағы жағдай күрделі.
ЦИТАТА
Зорана Йованович Андерсен, Копенгаген Университетінің экологиялық эпидемиялогия профессоры
"Ауаның ластануынан кісі өлімінің деңгейі Солтүстік Македония, Сербия, Черногория, Албания мен Польшада жоғары. Бұл Еуропаның шығысы мен батысындағы экологиялық ахуалдың екі түрлі екенін айғақтайды. Мұндай алшақтық өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты."
Ауадағы зиянды заттар тыныс алу жолдары мен жүрек аруларын тудыруы мүмкін. Бұл әсіресе осал топтағы балалар мен қарттар үшін қауіпті. Мамандар ауаның ластануы тіпті бала туу көрсеткішінің төмендеуіне әкеп соқтыратынын ескертеді.
Босния және Герцеговина
Теуфик Хадзиосманович, пульмонолог
«Сараевода ауаның ластануы тұрғындардың денсаулығына кері әсер етіп отыр. Тыныс алу жолдарының ауруларына шағымданып жатқандар жетерлік. Бұл тек қарт кісілерде ғана емес, жастар да көп».
Былтыр Еуроодақ ауаның ластануын азайтуға бағытталған жаңа ережелерді бекітті. Ол атмосфераға бөлінетін зиянды заттардың мөлшерін айтарлықтай азайтуды көздейді. Ал нашар экологиядан зардап шеккен тұрғындардың шығыны өтеледі. Бастама авторлары мұндай шаралар алдағы 10 жылда Еуропада өлім-жітімді 70 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік беретінін айтады.
Жұлдыз Атагельдиева, Дана Ермак